Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Степная орта мектебінің директорлары
Автор: Ибраева А.Ж.

Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі

Жаратылыстану- математика әдістемелік бірлестігі

Степной орта мектебінде 2011-20112 оқу жылында математика, жаратылыс тану әдістемелік бірлестігі циклында  оқу жылының басында мұғалімдер пән бойынша жылдық жоспарларын стандарттық бағдарламаға сәйкес жасады, сол бойынша жұмыс істеді . Жаратылыстану-математика циклының әдістемелік бірлестігінде 6 ұстаз қызмет етеді, біреуі бала тәрбиесінде.Олардың бәрі жоғары білімді,  2-еуі жоғары санатты.

 

Қазақ сыныптары мұғалімдері математика және жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жұмыс істеу мәселелері.

Ф.И.О.

Жұмыс істеу мәселесі

1

Авталип Алтангул

Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру

2

Абишев Кеңесбай

Логикалық ойлау  жүйесін жетілдіру

3

Ибраева Асемгуль

Оқушылардың логикалық ойлау  қабілетін  дамытып, математикалық тілде қатесіз жаза білуге,сөйлей білуге үйрету

4

Далел Болатбек

Оқушылардың білім сапасын арттыру, дүниетанымын қалыптастыру

5

Асаби Ирангуль

Оқушыларды физика сабағына қызығушылығын арттырып,

өз беттерінше формуланы түрлендіре отырып есептеуге

үйрету

6

Нелис Василий Сергеевич

Осушествиение межпредметных  связей при выполнение

практических работ по информатике

Жаратылыстану-математика циклының әдістемелік бірлестігінде  4 баяндама :

 2-отырыста «Химия сабақтарында ақпаратты-коммуникативті технологияны пайдалану мүмкіндіктері» Абишев К.В. 3-отырыста «Мектепте халық ауыз есептерін шығарту тәжірибесінен» Ибраева А.Ж. 4-отырыста «География сабақтарында есеп шығаруға жаттықтырудың тиімді әдіс – тәсілдері »Далел Б. 5-отырыста «Физика сабақтарында деңгейлік оқыту» Асаби И. оқылып, талданды, талқыланды.

 «Дәстүрлі емес сабақ» өткізуде 7-сыныпқа «Тең бүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері» тақырыбында сабақ өткізген Ә.Ж.Ибраева оқушыларға өз бетінше жұмыс істеп бір сатыдан екінші сатыға өте отырып, формулаға есеп шығарып тест өткізсе,  И.Асаби 8-сыныпта  «Бір стакан шәй» тақырыбында «Алғырлар», «Тапқырлар» деген топтарға бөлініп, сөзжұмбақ шешіп , мақал –мәтел мағынасын ашып, лото, баспалдақ ойындары ойналып, жұлдызшалармен мадақталып,  жеңімпаз анықталды.

 «Халық педагогикасын пайдалануда» өткен  биологиядан «Омыртқалы жануарлардың тірек-қимыл жүйесі» А.Авталип сабақтарында салт-дәстүрлерін жақсы білетіндіктерін сыбаға, ерулік, қонақасы, бастаңғы, т.б. сабақпен байланыстырды.

 «Дарынды балалармен жұмыста» 8-сыныпта «Қышқылдар құрамы, алу тәсілдері » тақырыбында К.Абишев әрбір оқушының жеке жұмыс түрлерін қөрсетіп, мақсат-міндеттерін жеке-жеке қойып, дәптермен, кітаппен жұмыс жасап реакцияларды жаздырды. География пәнінен қазан айында 6-сынып оқушыларына  «Ай мен Күн » атты ашық сабақ өткізді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өз пікір кеңестерін айтып сабаққа талдау жүргізді. Пәнге оқушылар қатты қызыға қатысады. Жас мамандармен жұмыс А. Авталип, Б. Дәлелмен жұмыс жүргізілді. Химия, математика, физика, биология, география пәндері бойынша кесінді бақылаулар алынып, дәптерлері тексеріліп, мұғалімдердің сабақ беру тәсілдері бақыланды.

Жаратылыстану-математика циклының әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің  өткізген «Нақ ғылымдар» апталығында физикадан И.Асаби «Физика әлемі», математикадан А.Ибраева «Математикалық КВН» 6-7 сынып оқушылары арасында өтіп, Аяулым, Камила мен Әйгерім   білімділігімен, озықтығымен көзге түсіп, мақтау қағазымен марапатталды. Ал биологиядан «Өсімдіктер мен жануарлар әлемі» 5-10 сынып оқушыларынан 3 топ сайысқа түсіп, «Зер» тобы оқушылары жеңіске жетті,

Химия пәнінен «Химия өмірде» сайысында 9-10 сыныптарда 9-сынып жеңіске жетті, географиядан «Не? Қайда? Қашан?» 10 сынып оқушылары жеңіске жетті .

Жалпы оқу жылындағы қиындықтарды айта кететін болсақ, зертханалық құрал-жабдықтар және жұмыс дәптерлері жетіспейді.

8-11 сынып аралығында өткен аудандық олимпиадаға барған оқушылардан химия пәні бойынша  11 сынып оқушысы Оралов Тұрсын ІІ орынды,  Олжабай Ержан математикадан ІІІ орынды иеленді.

Жаратылыстану-математика циклының әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің жылдық жүргізген жұмысын қанағаттанарлық деп бағалаймыз және келесі оқу жылына мынадай міндеттер қабылдаймыз.

1. Оқушылардың сабақтағы өз бетінше жұмыс істеу деңгейін көтеру.

2. Оқушылардың тамымдық қызығушылығын көтеру.

3. Сабақ үстіндегі оқушының тұлға ретінде жетілуіне, тәрбиесіне демеу жасау.


Просмотров: 765
Дата создания: 04.07.2012
Дата редактирования: 04.07.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource